2026 жылдың 8 сәуірінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында ғылыми семинар өтті. Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Калиева Бекзат Тынысбековна «Memory Studies әдіснамасы тұрғысындағы “Тарихи жад” теориясы» тақырыбында баяндама жасап, тыңдаушыларға жаңа ғылыми бағыттың қыр-сырын таныстырды. Семинар барысында тарихи жад ұғымының қалыптасуы, оның қоғамдағы рөлі мен маңызы кеңінен талқыланды.
Шара аясында Memory Studies бағытының теориялық негіздері мен әдіснамалық ерекшеліктері жан-жақты сараланып, қатысушылар тарапынан қызу пікір алмасу өрбіді. Студенттер мен жас ғалымдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Семинар ашық диалог форматында өтіп, тыңдаушыларға тың идеялар мен жаңа зерттеу бағыттарына жол ашты.
Аталған ғылыми жиын университет қабырғасында ғылыми ой-пікірдің дамуына серпін беріп, жас зерттеушілердің тарих ғылымына деген қызығушылығын арттыра түсті.




