Еркін күрестен Ректор кубогы

2026 жылдың 15 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері арасында еркін күрестен Басқарма Төрағасы — Ректор кубогы үшін жарыс өтті. Жарысқа 60 студент қатысты.

Жарыс 57-125кг аралығында түрлі салмақ дәрежелері бойынша өтті.

Жарыстың мақсаты — студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау; студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру; факультеттер арасында спорттық-жолдастық қарым – қатынасты нығайту.

Жарысқа университеттің барлық факультеттерінен және колледжден 5 команда қатысты.

Жалпы командалық есеп бойынш нәтижелер:

  1. Құқық және экономика факультеті – Іорын
  2. Жаратылыстану-техника факультеті – ІІорын
  3. Физика-математика факультеті – ІІІ орын

Жүлделі орындарға ие болған командалар және жекелей жеңімпаз студенттер І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Кубогымен және грамоталармен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant