




















«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жетісу университетінің студенттері арасында «Жаңа Конституция: жаңарту, жаңғырту, болашаққа қадам» атты зияткерлік ойын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және Конституцияның маңызын түсіндіру.
Университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев сөз алып, білім мен тапқырлық сынға түскен мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Іс-шараға Талдықорған қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы С. Смаилов, Жетісу облысының жеке сот орындаушысы Д. Туканов, сондай-ақ ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі А. Избасаров қатысты.
Зияткерлік ойын барысында қатысушылар Конституция баптары, құқықтық нормалар мен заманауи қоғамдық мәселелер бойынша сұрақтар беріліп, ойыншылар өздерінің логикалық ойлау қабілеттері мен білім деңгейлерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша
1-орынды – «Адал ұрпақ» командасы (Педагогика және психология факультеті)
2-орынды – «Жеті жарғы» командасы (Гуманитарлық факультет)
3-орынды – «Alash» командасы (Физика-математика факультеті) иеленді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

