Педагогика және психология факультетінде «Таза сессия» өтті

Педагогика және психология факультетінде «Заң мен Тәртіп» аясында студенттермен маңызды кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты:
Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, Академиялық адалдық саясатын түсіндіру және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Кездесу барысында:

Жиынды факультет деканы Хаймулданов Ерлан Сеилханович ашып, студенттерді адалдық пен жауапкершілікке шақырды.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Галия Кыдырбаева алдағы жазғы сессияның ережелері мен талаптарына тоқталды.

Тіркеу офисінің директоры Назым Жанатбекова сессияның өту барысы мен техникалық регламентін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Талдықорған қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Темирлан Елюбаев жастар арасында жиі кездесетін қауіптер — сталкинг, алаяқтық және сыбайлас жемқорлықтың зардаптары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Біз әділ әрі таза сессияны қолдаймыз! Әрбір студент — еліміздің ертеңі, сондықтан «Адал азамат» қағидатын ұстану — ортақ міндет.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant