RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі: Жетісу университетінің жетістігі

Астанада өткен Өңірлік Саммит аясында еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары ұйымдастырылған көрмеде өз жетістіктерін таныстырды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті де Саммитке белсенді қатысып, жасыл технологиялар мен тұрақты даму бағытындағы жобаларын ұсынды. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған көрмеде Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев білім ордасы ғалымдарының экологиялық бағытта әзірлеген ғылыми нәтижелері мен өнімдерін екі негізгі бағыт бойынша таныстырды:

  1. Жасыл экономика және қалдықсыз технологиялар – Green Zhetysu University
  2. Ақылды және экологиялық кампустар құруға бағытталған «Университеттің Smart экожүйесі»

Сондай-ақ көрмеде университетте іске асырылып жатқан стартап-жобалардың прототиптері таныстырылды. Атап айтқанда: электр көліктері (шағын питбайк, электровелосипед, флагмандық электробайк, жүк мотоциклі), мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба қондырмасы, гранула мен пластикалық қалдықтардан жіп өндіруге арналған портативті үстел үсті экструдер құрылғысы, сондай-ақ аумақтарды бақылауға және қорғауға арналған компьютерлік көру және түнгі көру камерасымен жабдықталған «Safe-Guard» автономды ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон).

Көрмені аралаған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жетісу университетінің жобаларына ерекше тоқталып, олардың ғылыми және практикалық маңызына жоғары баға берді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant