Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Б. Римова атындағы академиялық драма театры сахнасында қойылған «Мұғалім» спектаклін тамашалады.
Тағылымы мол бұл қойылым ұстаз тұлғасының қоғамдағы маңызын, оның шәкірт тәрбиесіндегі рөлін терең ашып көрсетті. Спектакль көрермендерге ерекше әсер қалдырып, рухани ой салды.
Аталған мәдени шараға факультеттің белсенді әрі үздік оқитын студенттері арнайы апарылды. Іс-шараның ұйымдастырылуына факультеттің профессор-оқытушылар құрамы демеушілік көрсетіп, жастардың рухани-мәдени дамуына зор қолдау білдірді.

