2026 жылдың 22–24 сәуір аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U-20 (2007–2008 жылы туған жастар арасында) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті: Күнболатқызы Жансая – 5000 м қашықтықта І орын Тумарбекова Дагара – 5000 м қашықтықта ІІ орын ⚜️ Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!




