

























Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында маңызды экологиялық бастамаға белсене қатысты
Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бұл игі шара барысында жастар жаппай ағаш отырғызып, өңірдің жасыл желегін арттыруға өз үлестерін қосты.
Ауқымды акцияның маңыздылығын арттыра түскен жайт — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы қатысушылармен байланысқа шығып, жылы лебізін білдірді. Мемлекет басшысы өз сөзінде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және оны келер ұрпаққа аман жеткізу әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Сонымен қатар, шараға облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев арнайы қатысып, студенттердің белсенділігіне жоғары баға берді. Аймақ басшысы мұндай игі бастамалардың өңірдің экологиялық ахуалын жақсартудағы рөлі зор екенін айтып, жастарды әрдайым табиғатты қорғауға шақырды.
Аталған акция — тек бір күндік шара емес, ел көлемінде жалғасатын маңызды қозғалыстың бір бөлігі. Жетісу жастарының бұл бастамасы олардың туған жерге деген жанашырлығын, азаматтық жауапкершілігін айқын көрсетті. Табиғатты аялау — баршамызға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл іс-шара көпке үлгі болары сөзсіз.
#тазақазақстан🇰🇿 #жетісуоблысы #жетісуниверситеті #ТДМ #ЦУР #SDG #tazakazakhstan

