2026 жылдың 23–24 сәуір аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «6В013 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді. Аталған білім бәйгесіне Жаратылыстану–техникалық факультетінің «6В01508 – Биология» білім беру бағдарламасының БҚ-311 тобының білім алушылары қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Олимпиадаға қатысушылар: Рысбек Ақбота Қанатбекқызы, Оразалинова Фариза Ерғазыевна, Иманәлиқызы Зиада.
Ғылыми жетекшісі – жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Мукашева Данагул Мадияровна. Білім алушылар теориялық және практикалық кезеңдерден тұратын байқауда кәсіби құзыреттіліктерін жоғары деңгейде дәлелдеп, нәтижесінде командалық есеп бойынша І орынға ие болды. Жеңімпаз студенттер мен ғылыми жетекшісіне шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.


