Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің халықаралық конференциясы

24 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

«XXI ғасырдағы орыс тілі мұғалімінің құзыреттілігін дамытудағы цифрландырудың рөлі» тақырыбындағы жиынды орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Жетісу облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің ғалымдары мен педагогтері қатысып, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи білім беру мәселелері талқыланды.

Конференция аясында «Мұғалімнің цифрлық идеялары» атты педагогикалық питч ұйымдастырылып, «Шетелдік және отандық тәжірибедегі цифрлық технологиялар» атты дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық жиын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, білім беру саласындағы цифрландырудың өзекті бағыттарын талқылауға арналған тиімді алаңға айналды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant