РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

       2026 жылғы 28 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында республикалық деңгейдегі әдістемелік семинар 8D01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының докторанты А.С. Таурбекованың «Болашақ мұғалімдерді бастауыш білім алушылардың оқу сауаттылығын педагогикалық технологиялар негізінде дамытуға даярлау» тақырыбындағы докторлық диссертациясы аясында «Оқу сауаттылығы: мұғалім даярлығы және заманауи әдістер» тақырыбында өтті.

Аталған іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультеті, Қаз ҰПУ, С.Аманжолов атындағы ШҚ университет профессорлық-оқытушылар құрамы  және Талдықорған қаласы  №14 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ 6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білімгерлері (ЖУ, ШҚУ) қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықаралық және отандық зерттеулерге сүйене отырып, студенттердің оқу сауаттылығын талдау қабілетін дамыту, сондай-ақ болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде мәтінмен жұмыс істеудің заманауи әдістерін тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Семинар барысында оқу сауаттылығының мазмұнын айқындайтын халықаралық және ұлттық зерттеулерге талдау жасалып, олардың ерекшеліктері сараланады. Сонымен қатар, болашақ мұғалімдерді даярлаудың заманауи бағыттары қарастырылып, педагогикалық технологиялар негізінде мәтінмен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері ұсынылады. Қатысушылар үшін практикалық бағыттағы тапсырмалар ұйымдастырылып, кәсіби дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік беріледі.

Аталған республикалық әдістемелік семинар педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал ететін маңызды алаң болмақ.

AI Assistant