Қорытынды конференция

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 4 курс білімгерлері, ИҚ411, МИҚ411 топтарымен, 29-шы сәуір 2026 жылы, өндірістік практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференция барысында білімгерлер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, жүргізілген сабақтар мен тәрбие жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Конференцияға оқытушылар: Жиембаев Ж.Т., Забиева К.Қ., Есейқызы А., Койшыбекова А.К., практикаға жауапты оқытушы Ермекова Н.С. қатысты. Практика құжаттары толықтай тексеріліп, талаптарға сай қабылданды. Білімгерлердің орындаған жұмыстары жоғары деңгейде бағаланып, олардың педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына оң әсер еткені атап өтілді. Практика қорытындысы бойынша білімгерлер толықтай жоғары бағаланды.

AI Assistant