«Қаржылық сауаттылық – табысты өмір кепілі»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті Д. Тохтахун «Қаржылық сауаттылық – табысты өмір кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттер қаржылық жоспарлау, жеке бюджетті тиімді басқару, жинақ жасау және қаржылық жауапкершілік мәселелері бойынша пайдалы ақпарат алды. Тәрбие сағаты білім алушылардың қаржылық мәдениетін арттыруға және қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндіруге бағытталды.