«Президенттік тест» жарысы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері арасындағы жазғы «Президенттік тест» жарысы өтті.

Жарысқа әр факультеттен 10 оқытушы және 12 студенттен қатысты.

Қатысушылар ерлер арасында 2000 метрге, әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден, ал студенттер 100 метр қысқа қашықтыққа, сондай-ақ ұлдар 1000 метрге және қыздар 800 метр орта қашықтыққа жүгіруден жарысқа түсті.

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру дайындығын арттыру және қатысушылардың спорттық шеберлігін жетілдіру.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар университет кәсіподағы тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

  • І орын – Дене шынықтыру және өнер факультеті – 100 000 теңге
  • ІІ орын – Жаратылыстану-техника факультеті – 70 000 теңге
  • ІІІ орын – Физика-математика факультеті – 50 000 теңге
  • ІІІ орын – Гуманитарлық факультет – 50 000 теңге

Жарысқа жалпы саны 168 адам қатысты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant