“ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің “ЕРЛІК” әскери-патриоттық еріктілер тобы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің әскери бөліміне барып, әскери бөлімнің күн тәртібімен танысты. Сонымен қатар, студенттер Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған мұражайды тамашалап, тағылымды әсер алды.

AI Assistant