

Сәуір айының 24–26 күндері Париж қаласында джиу-джитсудан “PARIS OPEN GRAND PRIX” халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижеге қол жеткізді:
– Талғатқызы Данагүл (+70 кг салмақ дәрежесінде) – ІІ орын
– Кенжебай Дарын (62 кг салмақ дәрежесінде) – ІІ орын
Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының айқын көрінісі. Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ


