




















2026 жылдың 28 сәуір күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Алматы технологиялық университеті арасында спорттық жолдастық кездесу өтті.
Аталған жолдастық кездесу волейбол (ұлдар/қыздар), футзал (ұлдар) және шахмат (ұлдар/қыздар) сияқты спорттың үш түрінен ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – жоғары оқу орындары арасындағы спорттық- жолдастық қарым-қатынастарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және студенттердің жеке спорттық шеберліктерін жетілдіру.
Жарыс қорытындысы:
- Волейбол (қыздар):
Жетісу университеті – 3:0 – Алматы технологиялық университеті - Футзал (ұлдар):
Жетісу университеті – 7:5 – Алматы технологиялық университеті - Волейбол (ұлдар):
Жетісу университеті – 3:0 – Алматы технологиялық университеті - Шахмат:
Алматы технологиялық университеті – 4:0 – Жетісу университеті
Жарыс тартысты әрі позитивті атмосферада өтті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

