Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастығы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде мемлекеттік басқару және менеджмент бағытындағы білім беруді жетілдіру аясында «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: миссия және құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жетісу облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, өңірлік кадр резервінің мүшесі Ілияс Түстікбаев, сондай-ақ құқық және экономика факультетінің деканы Ғалым Телеуов, Жетісу облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің бас инспекторы Самғат Тарақ, қалалық әкімдіктің бас инспекторы Ақбота Қасымова, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің миссиясы, қоғамдағы орны мен маңызы, сондай-ақ кәсіби-этикалық құндылықтар талқыланды. Ашықтық, адалдық, жауапкершілік және халыққа қызмет ету қағидаттарының өзектілігі айтылды.

Сонымен қатар «Мемлекеттік сектордағы аналитика және басқару» жаңа білім беру бағдарламасы таныстырылды.

Сала өкілдері тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметке кадр даярлау мен студенттердің тәжірибелік дайындығын арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

#ЦУР #SDG #ТДМ

AI Assistant