Спорт журналистикасына қатысты термин сөздердің маңызы

2026 жылдың ақпан айында Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Спорт журналистикасына қатысты термин сөздердің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында білім алушылар спорт журналистикасында қолданылатын негізгі терминдермен танысып, олардың тілдік ерекшеліктері мен қазақ тіліндегі баламаларын талқылады. Сонымен қатар, кәсіби терминдерді дұрыс қолданудың маңызы, ақпаратты нақты әрі сапалы жеткізудегі рөлі жан-жақты қарастырылды.

 

Дөңгелек үстелде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және терминологиялық сауаттылығын дамытуға ықпал етті.

AI Assistant