
























































Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әскери кафедрасында 135 студент салтанатты түрде Әскери ант қабылдады.
Салтанатты шарада Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев студенттерді ант қабылдау рәсімімен құттықтап, әскери борыш әрбір азамат үшін Отан алдындағы қасиетті міндет екенін айтты.
«Ант қабылдау – бұл тек рәсім емес, Отан алдындағы адалдық пен сенімнің белгісі», – деді ректор.
Өз кезегінде студенттер университет басшылығына, сондай-ақ әскери кафедраның оқытушыларына алғыс білдіріп, білім ордасының өздеріне тек білім ғана емес, тәртіп, төзімділік, жауапкершілік секілді өмірлік құндылықтарды үйреткенін атап өтті.
Іс-шара жас сарбаздардың патриоттық рухын, Отан алдандағы жауапкершілігі мен сүйіспеншілігін оятып, болашаққа деген сенімін арттырды.
Жас сарбаздарға сәттілік пен ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ







