2026 жылғы 11 наурызда Әлихан Бөкейханұлының 160 жылдық мерейтойына орай «Әлихан Бөкейханұлы – Ұлт көсемі» тақырыбында ғылыми-танымдық семинар өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – ұлт қайраткерінің тарихи тұлғасын жан-жақты таныту, оның қоғамдық-саяси қызметін, ағартушылық мұрасын және қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы рөлін кеңінен насихаттау болды.
Семинарға Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Б.Т. Калиева, сондай-ақ аталған кафедраның оқытушылары мен магистранттары қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға Алаш Орда қозғалысының тарихы, Әлихан Бөкейханұлының көшбасшылық қызметі, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар, оның ғылыми еңбектері мен публицистикалық мұрасына талдау жасалып, қазіргі қоғам үшін маңызы айқындалды.
Іс-шара аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұлттық тарих пен тұлғатану мәселелері бойынша өзекті сұрақтарды талқылады.
Семинар қорытындысында Әлихан Бөкейханұлының идеялары мен мұрасын насихаттау, жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту және тарихи сананы жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.
