
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттері арасында «ӘРЕКЕТ-2026» республикалық бизнес-стартап жобалар байқауы өтті.
Биыл 4-рет өткізіліп отырған жобаға 20 команда қатысып, өз жобаларын қорғады. Жас зерттеушілер «IT және әлеуметтік жобалар», «Өндіріс және қызмет көрсету» бағыттары бойынша бақ сынап, стартаптарын таныстырды.
Байқау нәтижесі бойынша «Enactus Zhetysu» командасының студенттері
Тимур Бүркітбай, Қарашаш Абылхан, Айман Нураханова, Ілияс Жексенбай,
Омар Султанның Algae жобасы жүлделі III орынды иеленсе, Smart Ecolight жобасы үшін Алғыс хатпен марапатталды! «Enactus Zhetysu» командасын жеңісімен құттықтаймыз!

