Дөңгелек үстел

Жетісу университетінің комплаенс-қызметкері Болат Қабыкенов әскери кафедра ұжымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, корпоративтік әдеп кодексінің негізгі нормалары, қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқы, ұжымдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттары талқыланды.

Әскери кафедра ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдаудың маңыздылығына тоқталып, университеттің имиджін қалыптастыру мен этикалық стандарттарды сақтаудың қажеттілігін атап өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant