Әдістемелік семинар

2026 жылғы 15 мамырда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3, 4-курс студенттеріне арналған әдістемелік семинар ұйымдастырды. Тағылымды кездесудің мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, мектеп тәжірибесіндегі заманауи оқыту бағыттарымен таныстыру. Семинар барысында магистр, педагог-шебер Р.Р. Құрманғалиева «Адал азамат» бағдарламасының базалық құндылықтарын оқу үдерісіне енгізу жолдары жөнінде ой бөліссе, магистр, педагог-зерттеуші С.Т. Бейсенбі жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын жетілдірудің тиімді тәсілдерін таныстырды. Кездесу аясында студенттер тәжірибелі мамандардың практикалық кеңестерін тыңдап, қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Мұндай мазмұнды іс-шаралар болашақ ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, педагогикалық тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік береді. Кафедраның жұмыс берушілермен тығыз байланыста атқарып отырған жүйелі жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

AI Assistant