Ғылыми тағылымдама

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультетінің  8D01504 — Информатика  білім беру  бағдарламасының 2 курс  докторанты А.Адамбекова  20.04.2026-20.05.2026 аралығында Анкараның Гази  университеті базасында  ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама шетелдік жетекші PhD, профессор Адем Текеректің жетекшілігімен өтті. 

Тағылымдама барысында докторант шетелдік ғалымдардың дәрістеріне қатысып, білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу және болашақ информатика мұғалімдерін даярлау бағытындағы заманауи тәжірибелермен танысты. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша шетелдік профессорлармен тәжірибе алмасып, академиялық байланыстар  орнатты.

Аталған тағылымдама докторанттың кәсіби және ғылыми құзыреттілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және ғылыми зерттеу жұмысының сапасын жетілдіруге мүмкіндік берді.