«Zhetysu Hall» — студенттердің шығармашылық және рухани орталығы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде білім ордасының жанашыры, қоғам қайраткері әрі белгілі кәсіпкер Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлының есімі берілген көпфункционалды «Zhetysu Hall» залы салтанатты түрде қолданысқа берілді. Маңызды шараға университет ұжымы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, студент жастар, сондай-ақ «Кайнар-АКБ» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Жаңартылған «Zhetysu Hall» — енді тек мәдени іс-шаралар өтетін орын ғана емес, студенттердің шығармашылық, ғылыми және рухани дамуына қызмет ететін жаңа көпфункционалды орталыққа айналды. Зал жаңа техникалық құралдармен, дыбыс және жарық жүйелерімен, заманауи жиһаздармен толық жабдықталған. Бұл игі іске «Кайнар-АКБ» ЖШС тікелей демеушілік жасап, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор үлес қосты.

Салтанатты ашылу рәсімінде университеттің Басқарма төрағасы–ректор Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, марқұм Ажмағанбетов Қуаныш Мәдиұлының Жетісу университетінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіне тоқталды.

Шара барысында университет ұжымы «Кайнар-АКБ» ЖШС-нің Бас директоры Ажмағанбетов Ербол Қуанышұлына ерекше құрмет көрсетті. Білім ордасының акт залын заман талабына сай қайта жаңғыртып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа жиһаздармен және қажетті техникалық құралдармен толық жабдықтап бергені — білім мен руханиятқа деген зор жанашырлықтың белгісі деп қабылдады. Осыған орай Ажмағанбетов Ербол Қуанышұлына І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құрметті профессоры» атағын берді.

#SDG #ЦУР #ТДМ