Ғылыми тағылымдама

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультетінің 8D01504 – «Информатика» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты А.Адамбекова 2026 жылғы 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында Анкара қаласындағы Гази университеті базасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама шетелдік жетекші PhD, профессор Адем Текеректің жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Тағылымдама барысында докторант шетелдік ғалымдардың дәрістеріне қатысып, білім беруді цифрландыру, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу және болашақ информатика мұғалімдерін даярлау бағытындағы заманауи тәжірибелермен танысты. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмысы аясында шетелдік профессорлармен тәжірибе алмасып, академиялық байланыстар орнатты.

Аталған тағылымдама докторанттың кәсіби және ғылыми құзыреттілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және ғылыми зерттеу жұмысының сапасын жетілдіруге елеулі үлес қосты.

#SDG #ЦУР #ТДМ