













Жетісу университетіне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» директорының орынбасары Руфина Усанова және Этномәдени бірлестіктермен өзара байланыс жасау басқармасының басшысы Елдос Жұмағұлов арнайы келді.
Кездесу барысында Жастар саясаты және әлеуметтік даму бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Студенттік Ассамблея өкілдерімен бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланып, жастар арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы бастамалар қарастырылды.
Қонақтар университетте этносаралық татулықты, мәдени әртүрлілікті және азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған жобалармен танысып, аталған құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жоғары баға берді. Әсіресе, жастарды қоғамдық қызметке тарту, этносаралық келісімді нығайту, волонтерлік қозғалысты дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын дәріптеу бағытында қол жеткізілген нәтижелер ерекше атап өтілді. Руфина Қасымқызы мен Елдос Тәңірбергенұлы білім ордасында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

