«Үздік студент 2026» байқауы

Университетіміздің Жаратылыстану — техникалық факультетінің , 6В01515-Биология (ІР) білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Қожахмет Дияс Болатұлы республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Үздік студент 2026» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, Астана қаласында өткен форумда І дәрежелі дипломмен, арнайы төсбелгімен және куәлікпен марапатталды.

Бұл жетістік – студенттің білімге деген құштарлығының, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігінің, ғылыми-шығармашылық ізденісінің және табанды еңбегінің жемісі.
Студенттің осындай биік белеске жетуіне бағыт-бағдар беріп, ғылыми-шығармашылық әлеуетін дамытуға үлес қосқан жетекшісі Ақылбекова Айгүл Бағдатовнаға ерекше алғыс білдіреміз. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі әрдайым жемісті болары сөзсіз.

Біліммен биіктеген жас – ел болашағының жарқын кепілі!