








Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне белгілі итальяндық жазушы, тарихшы, қоғам қайраткері және зерттеуші Роберто Болтри ресми сапармен келді.
Роберто Болтри Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаевпен кездесіп, халықаралық ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Италия университеттері арасындағы байланысты нығайту, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Жазушы Роберто Болтри өзінің екі кітабын тарту етті. Бірінші кітабы Карлаг тарихына және репрессия жылдарында Қазақстан аумағында болған итальян азаматтарының тағдырына арналған.
«Қазақстандағы итальяндық» деп аталатын екінші басылымында автор еліміз туралы жеке әсерлерін бейнелейді.
Ермек Бөрібаев Роберто Болтриге Қазақстан мен Италия арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайту жөніндегі көп жылдық қызметі, ғылыми және мәдени бастамаларға қолдау көрсеткені, сондай-ақ Жетісу университетімен ынтымақтастықты дамытуға деген қызығушылығы үшін алғыс білдірді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылық белгісі ретінде Алғыс хат табыстады.
Роберто Болтридің сапары Жетісу университетінің халықаралық байланысын дамытудағы маңызды қадамының бірі болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ






