2026 жылғы 8 маусымда 6В01602 – «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының 2-курс білімгерлеріне арналған археологиялық оқу практикасының бастапқы конференциясы өткізілді. Іс-шара бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, студенттерге практика бағдарламасының мазмұны, мақсат-міндеттері және өткізілу тәртібі таныстырылды.
Конференция барысында археологиялық практика аясында жүзеге асырылатын далалық зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары, археологиялық ескерткіштерді зерттеу әдістері, қазба жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері және табылған жәдігерлерді тіркеу мен сипаттау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, практика кезінде сақталуы тиіс еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында археологиялық зерттеулердің тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы және өткен дәуірлер тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеудегі маңызы атап өтілді. Конференция білімгерлердің археологиялық оқу практикасына дайындық деңгейін арттыруға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын дамытуға бағытталды.




