Кәсіби бағдар беру жұмысы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Б.Ж. Альмухамбетова және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, атап айтқанда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Әбішев, психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Х.Т. Наубаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер Н.Ш. Шакарим, филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер А.Н. Галиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер Ж.Р. Жексембаева, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы-дәріскер Г.Т. Азанбекова, оқытушы-ассистент А.Б. Исмаилова және педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы-ассистент А.Н. Туриспаева кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Талдықорған жоғары медициналық колледжі студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу жұмыстары және кафедрадағы мамандықтардың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, болашақ мамандық таңдауға қатысты кәсіби кеңестер ұсынылды. Іс-шара жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.