Диплом табыстау рәсімі — Гуманитарлық факультет

Жетісу университетінде 2025–2026 оқу жылы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі басталды. Алғашқылардың бірі болып Гуманитарлық факультеттің түлектері көптен күткен дипломдарын қолдарына алды.

Университетпен бірге қалыптасқан Гуманитарлық факультет биыл 54-ші рет түлектерін үлкен өмірге қанаттандырды. Осы жылдар ішінде сан мыңдаған білікті маман даярлаған факультетті биыл 250 түлек тәмамдады. Олардың 35-і үздік дипломға ие болса, 9 түлекке педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Салтанатты шараға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қатысып, бітіруші жастарды маңызды белеспен құттықтады. Қала басшысы түлектерге ізгі тілегін білдіріп, бірқатар жас маманға дипломдарды салтанатты түрде табыстады.

Өз кезегінде Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев түлектер мен олардың ата-аналарын құттықтап, жастарға ақ жол тіледі.
– Құрметті түлектер, қадірлі ата-аналар, әріптестер! Бүгін – төрт жылдық еңбектің жемісі сараланатын, ерекше мәні бар күн. Гуманитарлық факультет түлектері кәсіби білімімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де ерекшеленеді деп сенемін. Сіздерге таңдаған мамандықтарыңыз бойынша табысты еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосуларыңызды тілеймін. Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын! – деді ол.
Бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша түлектерге дипломды жұмыс берушілер мен серіктес ұйымдардың өкілдері табыстады.
Шара барысында студенттер атынан Эльмира Смағұлова сөз сөйлеп, төрт жыл бойы сапалы білім мен тәлім-тәрбие берген профессор-оқытушылар құрамына шынайы алғысын білдірді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

#SDG #ЦУР #ТДМ