Ғылыми тағылымдама

Физика-математика факультетінің докторанты Сымбат Есжанова 2026 жылғы 17 мамыр мен 20 маусым аралығында Эль Пасо қаласында орналасқан (АҚШ) The University of Texas at El Paso (UTEP) университетінде міндетті шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

The University of Texas at El Paso (UTEP) – ғылыми-зерттеу қызметімен халықаралық деңгейде танылған жетекші зерттеу университеттерінің бірі.

Тағылымдама барысында докторант математикалық білім беру саласындағы заманауи ғылыми бағыттармен танысып, математиканы оқыту әдістемесі, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану және ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімін жетілдірді. Сонымен қатар, университеттің профессор-оқытушылар құрамымен және зерттеушілерімен тәжірибе алмасып, халықаралық ғылыми ортада кәсіби құзыреттілігін дамытты.

Ғылыми тағылымдама барысында докторлық диссертация тақырыбы бойынша жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары талданып, одан әрі дамыту бағыттары айқындалды. Тағылымдама кезінде жинақталған білім мен тәжірибе докторанттың ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибені отандық білім беру жүйесіне енгізуге және докторлық диссертациясының ғылыми нәтижелерін жетілдіруге оң ықпалын тигізді.

#ЦУР#SDG#ТДМ