






































Жетісу университетінде педагогика және психология факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Көксу ауданы әкімінің, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, түлектердің ата-аналары және арнайы шақырылған мекеме, өнәркәсіп өкілдері қатысты. Биыл факультетті 71 студент пен 14 магистрант тәмамдап отыр. Олардың 18-і оқуын үздік аяқтап, қызыл диплом иегері атанды. Түлектерді университет ректоры Ермек Бөрібаев құттықтап, үздік студенттерге диплом табыстады.
«Бүгін қолдарыңызға алған диплом – тек білімнің куәсі ғана емес, табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі. Еліміздің ертеңі сіздер болғандықтан адалдық пен кәсібилікті серік етіп, туған елдің дамуына үлес қосатын білікті маман болыңыздар. Жетісу университетінің түлектері әрдайым биіктен көрінеді деп сенеміз», – деді ректор.
Түлектер атынан сөз алған Әсем Зәкір университет қабырғасында алған сапалы білім мен саналы тәрбие үшін оқытушылар мен қызмткерлерге алғыс білдірді. Ол Жетісу университетінің түлегі атану үлкен мақтаныш екенін, ел дамуына адал қызмет етуге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.
Педагогика және психология факультетінің түлектеріне ақ жол тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

