Диплом табыстау рәсімі — Физика-математика факультеті

Бүгін Физика-математика факультетін бітіруші студенттер мен магистранттарға диплом берілді.

Салтанатты жиында түлектері құттықтауға Жетісу облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Әли Солтанбеков, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Темирбаев, Жоғары политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс Нұрғожаев, «Жетісу дарыны» орталығының директоры Сандуғаш Жұмагелдина арнайы келді.

Университет ректоры Ермек Бөрібаев ата-аналарды және түлектерді құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Оқу барысында белсенділігімен танылған түлек Адель Ерболова, Тілеужанов Алибек «Үздік түлек» медалімен, Мақсат Досымбек «Белсенді қоғамдық қызметі үшін» төс белгімен, Диана Сейтхан «Спорт саласына қосқан үлесі үшін» төс белгімен марапатталды. Жанель Жаңбырбай мен Бауыржан Авилгази ректордың Алғыс хатын алды. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының қолдауымен білім алған студенттердің алғашқы түлегі Мейрлан Адетбеков студенттер атынан сөз алып, жастардың білім алуына жағдай жасап, қамқорлық танытып отырған мемлекетке, университет басшылығына, оқытушыларға алғысын айтты.

Биылғы оқу жылында физика-математика факультеті бойынша 111 студент білім бакалавр дәрежесін, ал 35 магистрант білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми педагогикалық бағытта магистр дәрежесін алды. Олардың ішінде 24 түлек үздік дипломға ие болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ