Біліктілікті арттыру

Жетісу университетінің мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының оқытушылары Д.Қалдияров пен Ж.Тұрғамбекова 2026 жылғы 15-18 маусым аралығында Астана қаласында «Аманат» партиясы Саяси менеджмент академиясының «Жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық саяси ұйымдардың басшылары мен кадрлық активінің функционалдық құзыреттерін дамыту жөніндегі модульдік бағдарламасында» біліктіліктерін арттырды.

Олар «Жеке көшбасшылық және құндылық бағдарлары», «Өңірлер мен жергілікті қоғамдастықтардың дамуын басқару», «Дамуға арналған салықтар: түсімдер базасынан жергілікті жерлердегі нәтижеге дейін», «Бюджеттік вертикаль: республикадан ауылға дейін», «Халықпен және командамен тиімді коммуникациялар», «Саяси науқандар: ұстанымнан сенім мен қолдауға» атты алты модуль бойынша білімдерін жетілдіріп, «Қорытынды жоба» кезеңінде бағдарламадан алған құзыреттіліктерін шыңдады.

Бағдарлама аясында ҚР мемлекеттік және жергілікті басқарудағы саяси реформалар мәні мен мазмұны түсіндірілді. Мемлекеттік басқару саласындағы өзгерістерді бастапқы ақпарат көздерінен меңгерген Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы бұл тәжірибені Жетісу университетінің мемлекеттік басқару және менеджмент бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының білімгерлерін оқытуда қолданады.

#SDG #ЦУР #ТДМ