Құттықтаймыз!

2026 жылғы 25–29 маусым аралығында Филиппин Республикасының Манила қаласында самбодан ересектер арасындағы Азия және Океания чемпионаты өтті.

Аталған халықаралық жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Анель Қайратқызы 72 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Осылайша, ол Азия және Океания чемпионы атанды.

Бұл жеңіс – студентіміздің қажырлы еңбегі мен жоғары дайындығының айқын көрінісі.

Анель Қайратқызын айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жеңісті жолы жалғасып, жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ