ZHETYSU CREATIVE CULTURE

Zhetysu University ғалымдарының инновациялық жобалары Астанадағы ZHETYSU CREATIVE CULTURE көрмесінде таныстырылуда
2026 жылғы 15–16 тамыз күндері Астана қаласында Жетісу облысының мәдени, шығармашылық және инновациялық әлеуетін танытатын ZHETYSU CREATIVE CULTURE мәдени-креативті көрмесі өтуде.
Көрмеге қатысушылардың бірі – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Жалгас Ундрусулы Ахметов. Ол көрме алаңында экологиялық таза электр көлігі саласындағы әзірлемелерін – электр мотоциклдері мен электр велосипедтерін таныстыруда.
Электр көлігін әзірлеу жобасы облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының жеңімпазы атанып, гранттық қолдауға ие болды. Университеттің жас ғалымдар командасы үнемді, қолайлы әрі қоршаған ортаға зияны аз электр көліктерін жасау бағытында жұмыс жүргізуде.
Ғылыми әзірлемелердің ZHETYSU CREATIVE CULTURE көрмесінде ұсынылуы – бүгінгі Жетісудың креативті әлеуеті мәдениет пен білімді, ғылым мен инженерлік ойды және заманауи технологияларды тоғыстыратынын көрсетеді.
2026 жылғы 15–16 тамызда Астанада өтіп жатқан көрме елорда тұрғындары мен қонақтарын Жетісу облысының жетістіктерімен, дәстүрлерімен және заманауи бастамаларымен таныстырады.