Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Ақжол Құрманбек 85 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанды.
Жарыс нәтижесінде Ақжол Құрманбек жұлқа көтеруде 160 келіні, серпе көтеруде 198 келіні бағындырып, жалпы есепте 359 келі нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар Азияның 2 жаңа рекордын орнатты.
Студентімізді Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруын тілейміз!








