Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаты І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Рамазан Абдрасил «Үздік жас спортшы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Бұл марапат – жас спортшының еңбегі мен спорт саласындағы жетістіктерінің жоғары бағалануы.
Рамазан Абдрасилді айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!