01.09.2026 жылы Жаратылыстану-техникалық факультеті деканы Андасбаев Ерлан Сулейменович жаңа оқу жылының басталуына орай 1-курс студенттерімен танысу және кездесу жиынын өткізді.
Кездесу барысында студенттерді университет қабырғасына қадам басуларымен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Студенттерге жоғары білім алудың маңыздылығы, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарау, уақытты тиімді пайдалану және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу туралы айтылды.
Сонымен қатар студенттерге факультеттің кафедра меңгерушілерін, декан орынбасарлары мен топ кураторлары таныстырылды. Оқу-тәрбие жұмысы, ішкі тәртіп ережелері, академиялық адалдық қағидаттары, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында факультет деканы студенттерге білім жолында табандылық танытып, өз мақсаттарына ұмтылуға, белсенді болуға және университет қабырғасында берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

