І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 15 білім беру бағдарламасы Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) жүргізген рейтингке қатысып, нәтижесінде университеттің 9 білім беру бағдарламасы республика бойынша алғашқы үштіктен орын алды.
Бакалавриат деңгейінде:
- «6В01101 — Педагогика және психология» — 1-орын;
- «6В01501 — Математика» — 2-орын;
- «6В010201 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» – 3-орын;
- «6В01503 — Физика» — 3-орын;
- «6В01508 — Биология» — 3-орын;
- «6В01601 — Тарих» — 3-орын.
Докторантура деңгейінде:
- «8D01101 — Педагогика және психология» — 1-орын;
- «8D01301 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» — 1-орын;
- «8D01503 — Физика» — 1-орын.
Бұл көрсеткіштер университеттің білім беру сапасын қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және оларды дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі.
Аталған жетістіктермен Университет ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындырып, зор табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
Ақпарат көзіне сілтеме: https://iqaa-ranking.kz/programs
#SDG #ЦУР #ТДМ

