





І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика және Гуманитарлық факультетінің оқытушысы Р. Сеилкасымова мен О.Турсынбаев 2026 жылғы 01 мамыр мен 30 маусым аралығында Лунд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама POLCA “The Political Economy of Legal and Governance Reform in Non-Western Societies: Insights from Central Asia” халықаралық ғылыми жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Тағылымдама барысында Р.Сеилкасымова «Қазақстандағы медициналық қалдықтарды реттеу құқықтық және басқарушылық реформалар аясында: санитариялық бақылаудан цифрлық қадағалауға көшу» тақырыбында ғылыми семинарда баяндама жасады.
О.Турсынбаев «Қазақстандағы мемлекеттік білім беру саясаты және адами капиталды дамыту: тарихи-институционалдық талдау» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысы Қазақстандағы білім беру саясатының тарихи қалыптасуын, институционалдық даму ерекшеліктерін және адами капиталды дамытудағы білім беру жүйесінің рөлін талдауға арналды.
Ғылыми тағылымдама аясында оқытушылар Лунд университетінің академиялық ортасында жұмыс істеп, университет кітапханасы мен электрондық ресурстарындағы ғылыми әдебиеттермен танысты, өз зерттеу тақырыптары бойынша материалдарды жүйеледі.
#ЦУР #SDG #ТДМ

