2026 жылғы 7–9 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбілсейіт Айхановты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық жарыс өтті.

Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Үкіметұлы Мықтыбек 61 келі салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік танытып, ІІ орынға ие болды.

Студентімізді жүлделі орнымен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!