Таныстыру экскурсиясы

2026 жылдың 10 қыркүйегінде АЖАқ121, АДқ111, АЖҚАДДқ111 топ білімгерлеріне топ кураторы А.Елепбергенова және кафедраның оқытушы-дәріскері А.Шалтабаев университет корпусымен таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – білімгерлерді оқу инфрақұрылымымен, аудиториялармен, зертханалармен және корпуста болудың негізгі ережелерімен таныстыру.

Іс-шара барысында білімгерлерге оқу кабинеттерінің орналасуы, жалпы пайдаланылатын орындар, корпус инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндіктері, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары мен ішкі тәртіп ережелері туралы ақпарат берілді.