













І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының делегациясы келді. Қоғаммен байланыс жөніндегі Бас консул орынбасары Джефф Райденур, American Spaces бағдарламасының үйлестірушісі Тимур Сулбаев және Fulbright English Teaching Assistant (ETA) бағдарламасының қатысушысы Алессандра Кабрерамен университет басшылығы ресми кездесу өткізді.
Ресми кездесуде тараптар ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру, оқытушылардың кәсіби дамуына жағдай жасау және халықаралық білім беру жобаларын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
«Университеттің ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға, оқытушылардың кәсіби дамуына және халықаралық тәжірибені енгізуге деген ұмтылысы жоғары бағалауға лайық. English Language Fellow бағдарламасы аясындағы бірлескен жұмыс студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен АҚШ арасындағы білім беру байланысын одан әрі нығайта түседі», – деді Бас консул орынбасары Джефф Райденур.
Басқарма Төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев білім саласы бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына себеп болатын осындай ауқымды бағдарламалардың ықпалы зор екенін айта келе, жас маман Алессандра Кабрераға Жетісу университетіндегі қызметіне табыс тіледі.
#SDG #ЦУР #ТДМ









