








2026 жылғы 9 қыркүйекте физика-математика факультетінің 1-курс студенттері арасында «Заң және тәртіп: өзіңнен басталады!» тақырыбында танымдық-профилактикалық кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Кездесуге ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Жайық Муканов және аталған департаменттің бөлім прокуроры Алишер Турарбеков қатысты.
💡 Кездесу барысында:
🔹 жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік;
🔹 интернеттегі алаяқтық пен киберқауіпсіздік ережелері;
🔹 есірткі қылмыстары және «дропперлікке» тартылудың қауіптілігі;
🔹 лудоманияның (ойынқұмарлықтың) салдары талқыланды.
Жиын соңында студенттер прокуратура өкілдеріне сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
📌 Айта кету керек, қоғамдағы тәртіп пен заңдылық — әрқайсымыздың өзімізден басталады!
#SDG #ЦУР #ТДМ

