





І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен деректерді талдауға арналған семинар өтті.
Семинар барысында университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, PhD Т.Қилыбаев «Сапалы социологиялық зерттеулер: теориядан практикаға» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында сапалы зерттеудің негізгі тәсілдері мен әдістері, деректерді жинау және талдау құралдары, сондай-ақ ғылыми зерттеу үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары қарастырылды.
Докторант Ж.Нурмухамеджанқызы «IBM SPSS Statistics бағдарламасымен танысу: деректермен жұмыс істеу және статистикалық талдау негіздері» тақырыбында баяндама ұсынды. Таныстырылым барысында деректерді дайындау және тексеру, тиісті статистикалық әдістерді таңдау, корреляциялық талдау жүргізу, топтарды салыстыру және алынған нәтижелерді интерпретациялау мәселелері қамтылды.
Семинар қатысушылардың ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, деректерді талдау және заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалану бағытындағы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
#ЦУР #ТДМ #SDG

