Оқытушылар мен студенттер арасында жолдастық футбол жарысы өтті

2026 жылғы 15 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқытушылар мен 1-курс студенттері арасында футболдан
дәстүрлі жолдастық кездесу өтті.

Жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарысқа қатысушылар жоғары ойын техникасы мен тактикалық дайындығын көрсетті.

Тартысты өткен кездесуде қос команда да белсенділік танытып, ойын 1:1 есебімен аяқталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ